Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,71 теңгеге арзандап, 495,95 теңгені құрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 500 теңгеден сатылып, 498 теңгеден сатып алынып жатыр.
Астанада доллар 502 теңгеден сатылып, 498 теңгеден сатып алынуда.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар бағамы 545 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін болжады. Сонымен қатар, Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін енгізетінін мәлімдеді.
Экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Related news
On the occasion of the 130th anniversary of Magzhan Zhumabayev, a republican concert entitled "I will not die, mine will not die..." will be held.