Әуежайда қызметкерді құтқарып қалған Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, әуежайда ашуға мінген ер адам тексеру қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Куәгерлер абдырап қалған сәтте, 52 жастағы Мұса Әбдірайым жағдайды өз қолына алды. Ол кик-бокспен айналысып және жекпе-жектің басқа түрлерін меңгерген екен.
Related news
Construction and infrastructure development projects are being intensively implemented in Syr region
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
