Батыс Қазақстан облысының аумағына тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Уральская неделя» басылымына сілтеп.
18 наурыз күні сағат 17:35-те Тасқала ауданы полиция бөліміне Атамекен ауылының тұрғындарынан белгісіз нысанның табылғаны туралы хабарлама түскен. Болжам бойынша, ол құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты болуы мүмкін.
Нысанның ұзындығы – 300 см. Оқиға орнына Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аттанған.
Ұшқышсыз аппараттың құлаған жеріне Орал қаласынан полиция департаментінің саперлері де жіберілгені атап өтілді.
«Көршілес Ресейдің Саратов облысы аумағында украиналық ұшқышсыз аппараттар әскери әуежайды және жанармай сақтау қоймаларын үнемі нысанаға алып, ауқымды қирандыларға әкелуде», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Ұялы ауылынан да ұшқышсыз ұшу аппараты табылғанын жазған едік.
Deprivation of the source of life. The Kyrgyz side said that they had no water and they burst out of their minds
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
