Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жасыл аула» акциясына қатысу үшін қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдау басталады.
Жыл сайынғы акция аясында қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Акцияның негізгі мақсаты-жасыл қорды көгалдандыру және сақтау бағдарламасын жалғастыру, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акцияның көктемгі кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1-11 сәуір аралығында жалғасады.
Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@mail.ru электрондық мекенжайға мына деректертерді жіберу қажет:

- Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, о көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
- Жоспарланған отырғызу алаңының бірнеше фотосуреті (мамандар орналасқан жерді бағалай алатындай панорамалық фотосурет);
- Көшеттердің қажетті санын көрсетіңіз.

Related news