29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
