Атырауда Қазақстан Туын қорлаған қыздар қамауға алынбады. Бұл туралы Buzyq Теоеграм арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпарат бойынша, кеше полицияға жеткізілген төрт күдікті сотқа дейін босатылды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Олар сот тергеуі аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.
Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3000 АЕК (шамамен 12 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, Атырау мұз айдынында төрт қыз
Осы оқиғаға байланысты ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізіп, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Сондай-ақ, бүгін бұл іске қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдіріп, туды сатқан интернет-ресурстарды анықтады.