Әлеуметтік желіде Ақтаудағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушылары өмірге қауіпті "ойынға" қатысқаны туралы видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кадрлардан оқушы қыздың алдымен жәбірленушіні шапалақпен ұрғанын көруге болады. Сосын оны тұншықтырып, кеудесін басқан. Артынша қыз есін жоғалтып, еденге құлаған.
Мәліметтерге сенсек, оқиға 8 сәуірде №33 мектепте болған. Зардап шегуші жетінші сынып оқушысы. Оқушылар туралы ақпарат кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға беріліпті.
Маңғыстау облыстық білім басқармасы қыздар "Иттің ләззаты" деп аталатын қауіпті ойын ойнағанын айтты. Бұл – миға оттегінің
"Қазірдің өзінде мектеп психологтарының қатысуымен оқушылар мен олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл іс Ақтау қалалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады. Сонымен қатар мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды", – делінген білім басқармасының хабарламасында.
Мамандар мен жергілікті билік ата-аналар мен мұғалімдерді балалармен ашық сөйлесіп, мұндай қауіпті әрекеттердің салдары туралы түсіндіруге шақырады.