Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Перу астанасы Лимада өтіп жатыр. Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).
Related news
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China