Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған шараларға қатыспайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы RIA-ға сілтеп.
БАҚ-та ақпаратты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдегені хабарланған.
Оның айтуынша, Әзербайжан тарапы Әлиевтің 10 мамырда өз әкесі — Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевті еске алуға арналған іс-шараларға қатысатынын айтып, сапардан бас тартқан.
Сонымен қатар, Мәскеуге барудан Лаос басшысы Тхонглун Сисулит
"The operation was carried out for more than half a year." The NSC brought a 7-year-old girl from Syria to the country
та бас тартты. Ол коронавирус жұқтырып алғандықтан, мерекелік жиынға келе алмайды.
Осылайша, Жеңіс күніне байланысты Мәскеуге келетін мемлекет басшыларының саны 29-дан 27-ге қысқарды.
Айта кетейік, Ильхам Әлиев Ресейге соңғы рет 2024 жылдың қазан айында ресми сапармен барып, Владимир Путинмен кездесу өткізген. Сол жолғы кездесудің басты тақырыбы — армян-әзербайжан жанжалын реттеу мәселесі болған.
Related news

