Бүгін, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Тәрбиелік тағылымы мол жиынға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат хатшысы, қала әкімі, құқық қорғау органдары мен этномәдени орталықтардың өкілдері және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Сонымен бірге салтанатты шараға тыл еңбеккерлері мен Ұлы отан соғында опат болған батырлардың ұрпақтары жиналды.
Гүл қою рәсімінде көпшілік қиян-кескі ұрыс даласында Жеңіс үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысында небары 5 ҰОС ардагері қалды. Атап айтқанда, олардың қатарында Мүтәліп Ережепбаев, Генадий Иванов, Иван Макеев, Григорий Нещеретнев және Шалданбай Шаңбаев бар.
Erlan Kusain, Head of the Department of Internal Policy of Karaganda region: I demand that all documents must be kept only in the state language!