Ақтау қаласының орталығында орын алған жол үстіндегі төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kozachkov offside-қа сілтеп.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда», – делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтаудың орталығында жол бойында бірнеше адамның қатысуымен болған төбелестің видеосы тараған еді. Оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілмеді.
Related news
Nurlan Auesbayev, candidate for the presidency of the Republic of Kazakhstan, met with voters in the capital
