Түркістан мен Жамбылдағы шегірткелермен күресу үшін бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

1121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/shegirtke-960x500.jpg?token=7b86839885d9560e97397b07178b6ca0

Үкімет Түркістан облысы мен Жамбыл облысындағы шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазір шегірткелер 2,1 миллион

гектар аумаққа таралған.

"Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді. Шегірткемен күресу үшін 443 техника мен 4 625 адам тартылады. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында 396,6 мың гектар жерді шегірткеден тазарту керек", – деп хабарлайды үкімет.

Comments