Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенко 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Ардагер майданға 18 жасқа толмай жатып аттанған. Ол гвардиялық атқыштар полктері құрамында шайқасқан. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальмен
марапатталған.
Соғыстан кейін Макиенко су шаруашылығы саласында еңбек етіп, 13 жыл бойы өндіріс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Әкімнің айтуынша, ардагер өмірге құштар, салауатты өмір салтын ұстанған тұлға болған. Ол 2024 жылы Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне қатысқан. Ол 2026 жылы жылы 100 жасқа толар еді.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз