Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы Алматы облысындағы Шамалған ауылында орналасқан Назарбаевтар әулетінің қорымына жерленген болуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Әулетке тиесілі қорымда жаңа қабір пайда болған. Жаңа бейіт марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің дәл жанында орналасқан. Қабірде ешқандай жазу, белгі жоқ. Бұл жағдай қоғамда Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы болжамдарды күшейтіп отыр.
Еске сала кетейік, 14 мамыр күні Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түрде жоққа шығарды.
Соған қарамастан, соңғы күндері Алматыда болған оқиғалар бұл мәлімдемеге күмән туғызып отыр.
Сәрсенбі күні түстен кейін Алматыдағы Президент істері басқармасына қарасты Республикалық клиникалық ауруханадағы (көпшілікке «Совминка» деген атаумен танымал) күзет алынып тасталған.
16 мамыр күні Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде орналасқан Назарбаевтар отбасының резиденциясы маңында полиция мен күзет қызметі күшейтілген. Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі уақытша жабылып, ғимаратқа кіріп-шығып жатқан көліктер, соның ішінде мәйіт таситын көлікке ұқсас көлік байқалған. Бұл жайт журналистердің назарынан тыс қалмады.
Оқиға орнында болған Orda.kz тілшілері мәйіт таситын көлікке ұқсас бірнеше көлікті суретке түсірген. Алайда, бейресми киімдегі күзет қызметкерлері олардан барлық фото және видео материалдарды өшіруді талап еткен. Кейін журналистерді полиция ұстап, Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізген. Олар түсініктеме жазған соң, телефондары тексеріліп, материалдардың жойылғанына көз жеткізілгеннен кейін ғана босатылған.
Қазіргі сәтте Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival