Нигер өзенінде паром аударылып, 37 адам қаза тапты

1067
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/grook_vwaaaekqa-960x500.jpg?token=9d4f0aeebd98edeb4c57d5f01b2e2e7c

Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде паром апаты болып, 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Cable басылымының жергілікті билікке сілтеме жасап жазуынша, қайғылы оқиғаға шамадан тыс жүктеме себеп болған.

"Қайық апаты 15 мамырда орын алды. Саудагерлер Гбаджигбодағы базарды жапқаннан кейін Нигер штатындағы өз қауымдастықтарына қайтып бара жатқанда қайғылы жағдай болды", – делінген хабарламада.

Апат болған жерде әлі де іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға кезінде қайықта қанша адамның болғаны әзірге нақты белгісіз.

Comments