Газа секторының оңтүстігіндегі туннельден ХАМАС палестиналық қозғалысының жетекшісі Мұхаммад Синвар мен оның он көмекшісінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Arabiya-ға сілтеме жасап.
Израильдің қорғаныс министрі Йоав Галанттың айтуынша, оның өлімі ресми түрде расталмағанымен, барлық белгілер соған нұсқайды.
Дереккөздердің мәліметінше, ХАМАС басшысы бірнеше күн бұрын Хан-Юнистің шығысындағы Еуропалық аурухана маңында жасалған Израильдің әуе шабуылдарының нәтижесінде қаза тапқан болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметі ХАМАС басшысының расымен сол жерде болған-болмағанын анықтау үшін мәліметтер жинауды жалғастыруда.
Жасы шамамен 50-дегі Мұхаммад Синвар — ХАМАС қозғалысының бұрынғы басшысы Яхья Синвардың кіші інісі. Мұхаммад ағасы қаза тапқаннан кейін 2025 жылдың қаңтарында ХАМАС-тың жаңа жетекшісі болып жарияланды.
Бұрынғы басшы 2024 жылдың қазан айында Газа секторының оңтүстігінде Израиль армиясымен болған атыста қаза тапқан болатын.