Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, сондай-ақ, 42 мыңнан аса тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары тұрады.
Halyk көптеген жылдар бойы өзінің "Жеңіс марафоны" бастамасын жүзеге асырып келеді. Акция фашизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқандарды қолдауға бағытталған. Жыл сайын 9 мамыр қарсаңында банк мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, ардагерлерге қаржылай көмек көрсетеді.
Бұл акцияның мақсаты – соғыс ардагерлерінің тұрмыс-тіршілігін жақсарту. Мысалы, биыл 101 жасқа толған ҰОС ардагері теміртаулық Анна Никаноровна Котованың үйін жөндеуге көмек көрсетіледі. Соғыс басталған кезде Анна Котова өзінің құрдастары сияқты майданға өз еркімен сұранған. Котованың бұл ұсынысына бірнеше рет бас тартқан, бірақ табандылығының арқасында Котова 2-ші Украина майданының 065-эвакуациялық ауруханасына медбике ретінде кіріп алып, 1946 жылы маусымда демобилизацияланған. Кейін Анна Никаноровна Қарағанды облысы Осакаров ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеген.
Айта кетейік, "Жеңіс марафонынан" басқа Halyk Bank Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне монумент орнату жұмыстарын қаржыландырып, Б.Момышұлы атындағы ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөліміне демеушілік көмек көрсетті. Осылайша Halyk отанымызды қорғаушылардың батылдығына, табандылығына және ерлігіне құрмет пен алғыс білдіреді.
