Мектеп оқушысының өлімі. Қанды оқиға соңғы қоңыраудан соң болған

1333
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Алматы облысы, Қарасай ауданы Долан ауылында 11-сынып түлегі жанжалдан соң өз сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қайғылы жағдай сыныптастардың ата-аналары жалдап берген коттеджде, мектеп бітіруді атап өту кезінде болған. Полиция дерегінше, кеш барысында жастар арасында жанжал туындап, оның соңы қантөгіске ұласқан. “Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты”, — делінген полиция дерегінде. Күдікті ретінде марқұмның сыныптасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Comments