Жамбыл облысында жер сілкінісі сезілді

959
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-19.37.58-960x500.jpeg?token=746327fe4fab57014a9b7a4c2bcd9c1f

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 25 мамыр күні Астана уақытымен 15:08-де жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орын алған. Жер сілкінісі Құлан ауылында – 3 балл, Меркі ауылында – 2 балл болып сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Comments