Моңғолияда алғаш рет "Алтын қайшы – 2025" атты қой қырқу бойынша халықаралық байқау өтеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мал шаруашылығы саласына озық әдістерді, жабдықтар мен технологияларды енгізу, сондай-ақ жануарлардан алынатын шикізаттың сапасын арттыру. Байқау 2025 жылғы 20–21 маусым күндері Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің қолдауымен өтеді.
Халықаралық қой қырқу байқауы 1961 жылдан бері түрлі елдерде өткізіліп келеді, ал алғашқы әлем чемпионаты 1977 жылы өткен. Содан бері бұл жарыс әр екі-үш жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.
Халықаралық деңгейде байқау екі санат бойынша өтеді: “пресстеуші” және “жүн сұрыптаушы”. Моңғолияда кәсіби қырықтықшыны даярлау 2022 жылы басталған. Қазіргі таңда бұл салада 28 адам кәсіби біліктілік алған.
A little girl died: a mother who left her daughter in kindergarten for a month lost her parental rights