Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және бауырлас әзербайжан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевке мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына амандық пен өркендеу тіледі.
«Қазақ пен әзербайжан халықтарының ғасырлар бойғы достығына негізделген қарым-қатынастарымыз шынайы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында көпқырлы мемлекетаралық ынтымақтастығымызды жаңа биіктерге көтереміз деп сенемін», – делінген жеделхатта.