Биліктегі партия Ердоғанды қайтадан президенттікке ұсынбақ

1800
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-11_095025404-960x500.png?token=582b5481158db7101564572a906e0187
Түркияның билеуші Әділет және даму партиясы елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанды келесі сайлауда қайтадан кандидат ретінде ұсынуды жоспарлауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунчтың айтуынша, парламент мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдаса, Ердоған үшінші мерзімге қатыса алады. Мұндай шешім қабылдануы үшін 360 депутаттың дауысы қажет. Қазіргі уақытта оппозициялық Халықтық-республикалық партияда (CHP) – 127 мандат, ал билеуші коалиция – Әділет және даму партиясы мен Ұлттық қозғалыс партиясында – 315 мандат бар. Конституцияның 101-бабы бойынша, президент екі мерзімнен артық қызмет ете алмайды. Дегенмен, билеуші партияның пікірінше, Конституцияға өзгеріс енгізгеннен, парламенттің сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы – Ердоғанның тағы да сайлауға түсуіне жол ашатын тиімді әдіс. Айта кетейік, 2017 жылы Түркия референдум арқылы президенттік басқару формасына көшті. 2023 жылдың мамырында Ердоған бес жыл мерзімге екінші рет қайта сайланған еді.
Comments