Кремльге кірген Назарбаевтың Путинмен не үшін кездескені айтылды

3564
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9648-960x500.jpeg?token=e343b1d42d6c5dd062c048cf008a6014

Қазақстанның экс-президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың не себепті Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол тұңғыш президенттің Мәскеуге сапары бейресми және жеке сипатта болғанын мәлімдеді.

«Назарбаев пен Путиннің арасында мемлекеттік өкілеттіктерге қарамастан, ұзақ жылдар бойы сақталған достық қарым-қатынас бар. Экс-президент тек Ресей басшысымен емес, Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдердің өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, хат алмасып, жеке кездесулер өткізеді. Саяси қайраткерлермен жеке байланыс халықаралық тәжірибеге сай»,—деді ол.

Сондай-ақ Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты түрде Қазақстанда тұратынын айтты. Айтуынша, экс-басшының елден тыс жерге кетуі туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды.

Comments