Германия депутаты Ресей дипломаттарын елден шығарып, "үйсіз" қалдыруды ұсынды

1853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_0020-960x500.jpeg?token=93886315e9ebd41d8504270af9da5992
Германия парламентінің Христиан-демократиялық одағынан сайланған депутаты Родерих Кизеветтер Ресей тарапынан кибершабуылдар мен диверсиялық әрекеттердің күшеюін алға тартып, елдегі барлық ресейлік агенттер мен дипломаттарды шығарып жіберуді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Сонымен қатар ол Берлиндегі Ресей үйі мен Ресей Федерациясының Германиядағы дипломатиялық және "Орыс үйі" бастатқан мәдени қызмет көрсетеді деген өзге де нысандарды жабу қажеттігін айтты. «Россотрудничество» ұйымының Германиядағы өкілдігінің басшысы Павел Извольский Кизеветтердің бұл бастамасын сынға алып, мұндай риторика халықаралық диалогты нығайтудың орнына, керісінше, сенімсіздік пен жаулықты арттыратынын жеткізді. Ол Ресей үйінің қызметі екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында реттелетінін еске салды. Извольский Кизеветтердің мәлімдемелері Ресей мен Германия арасындағы гуманитарлық және мәдени байланысты бұза алмайтынына сенімді екенін білдірді. Айта кетейік, бұл депутат бұған дейін де Ресейге қарсы бірқатар бастамаларымен көзге түскен.
Comments