Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында мопед жүргізушісі мен полицей арасында болған оқиға қызу талқылануда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кадрлардан полицейлердің бірі мопед жүргізушісін тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші оқиға орнынан қашып үлгергені байқалады. Осы сәтте тәртіп сақшысы оның соңынан тас лақтырады. Желі қолданушылары оқиғаға түрлі пікір білдіріп жатыр: бірі мопедшіні қолдаса, енді бірі полицейдің әрекетін түсіністікпен қабылдаған.
“Қару орнына тас қолданды”, “Айыппұл салғысы келген, бірақ қашып кетті”, “Мен жетпесем, тас жетеді”, – деп жазды желі қолданушылары.
Шымкент қалалық ПД аталған жағдайдың өткен аптада орын алғанын растады.
“Мопед жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицейдің заңды талабына бағынбаған. Оның бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жүргізуші ұсталып, жауапкершілікке тартылды”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Сондай-ақ ведомство полицейдің тас лақтыру әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.
“Полицейдің әрекеті ішкі тәртіп нормаларына сәйкес келмегендіктен, оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесінде құқықтық баға беріледі”, – деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз