Қытай Қазақстанға атом электр станциясын салу үшін Ресейге қарағанда екі есе арзан бағаға ұсынған. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық ядролық энергетикалық корпорациясы (CNNC) құрылыс картасын Қазақстанға тікелей көрсеткен, деп хабарлайды “Адырна”.
“Жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі hpr-1000 реакторы, құны 550 миллион АҚШ долларына бағаланған. Ресейлік "Росатом" бұл жоба үшін 1,2–1,5 миллиард доллар сұрады. Бұл екі есе қымбат! - деп жазады Toutiao авторы.
Бұл туралы OilPrice сарапшылары да жазады.
Жалпы, Қазақстан атом электр станциясын салу үшін әлеуетті мердігерлердің қысқа тізімін жасады. Оған CNNC-тен
Қазақстанның Энергетика министрлігі ұсынылған нұсқаларды зерттей келе, атом электр станциясының (АЭС) құрылысы 10–15 миллиард доллар көлемінде қаржыны талап ететінін мәлімдеді. Алайда 2024 жылдың соңында елдің бірінші вице-премьері Роман Скляр материалдар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты бұл сома 1,5 есеге дейін өсуі мүмкін екенін ескерткен.