Мемлекет басшысы Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

998
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/67a36ea4-b45a-467d-bb20-376ebf4519a1-960x500.jpeg?token=5cefb22541227d5f969eb556fa0d59b5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда  жазды, деп хабарлайды “Адырна”. 

"Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы

дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.

Comments