Иркут облысындағы әскери әуеайлаққа жасалған дрон шабуылына қатысты күдікті Артем Тимофеевті Қазақстан аумағында жасырынып жүруі мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақ Жайыққа сілтеп.
Ресей Қазақстаннан ресми түрде көмек сұрауы мүмкін.
«Бұл — арнайы қызметтердің құзырындағы мәселе. Аталған қылмысты ашу үшін қажет шаралардың барлығы атқарылады», — деді Песков журналистерге берген жауабында.
Бұған дейін Telegram-арналарда жарияланған мәліметтерге сәйкес, 1 маусым күні «Белая» әскери аэродромына украиналық ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған.
Шабуыл жасалған аумақта Артем Тимофеевке тиесілі болуы мүмкін жүк көлігі табылғаны хабарланды. Осыдан кейін оған іздеу жарияланды.
Тимофеевтің Қазақстан шекарасынан өтіп кеткені туралы деректер таралған соң, жергілікті әкімдік оның фотосуреті мен деректері бар хабарландыруды жариялаған. Алайда кейін өшіріп тастаған.
Еске салайық, 1 маусым күні Украина Қауіпсіздік қызметі "Өрмек" («Паутина») атауымен Ресейдің әскери авиациясына қарсы кең ауқымды операция жүргізгені туралы айтылған болатын.
Related news