БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясында "Бүкіләлемдік жылқы күні" бекітілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
11 шілде - ресми түрде Бүкіләлемдік жылқы күні болып жарияланды. Бұл бастаманы Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх көтеріп, жобаға әлемнің барлық өңірінен 56 мемлекет қосылып, бірлескен автор ретінде қолдады. Олардың қатарында Австрия, Бахрейн, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Германия, Жапония, Түркия, Португалия және Орталық Азияның бес елі бар.
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметінше, бүгінде әлемде 57 миллионнан астам үй жылқысы бар. Жылқылар көлік, спорт, туризм, демалыс, медицина мен тағам
өндірісі салаларында қолданылады. Алайда, соңғы жылдары жылқы саны азайып келеді. Бұған техникалық прогресс, экономикалық бағыттардың өзгеруі, климат пен экологиялық жағдайлардың өзгеруі, сондай-ақ адамның өмір салтының трансформациясы себеп болып отыр
Жаңа мерекені енгізудегі басты мақсат – әлем жұртшылығының назарын жылқының адамзат өркениетіндегі ерекше рөліне аудару, жылқы тұқымдарын сақтау мен дамытуға қолдау білдіру және атқа міну мәдениетін дәріптеу. Сонымен қатар, бұл күн жылқы өсірумен айналысатын халықтардың тарихи мұрасын құрметтеуге, әсіресе көшпелі халықтардың өмір салты мен мәдениетін насихаттауға бағытталған.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз