Аспандағы көрініске жердегі министрлік түсініктеме берді

2452
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-960x500.png?token=ba761c73b196d5c14a420d8cde301cbe

Бүгін, 5 маусымда Астана аспанында белгісіз нысандар пайда болды. Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің толық бақылауында. Халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Аталған құбылыс атмосфераға еніп жатқан ғарыштық аппараттардың қалдықтарына немесе метеор ағынына ұқсайды. Мұндай нысандар, әдетте, атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетіп, жерге жетпейді»,—делінген хабарламада.

Министрлік азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды сұрады.

«Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қажет болған жағдайда ресми түсініктеме береді»,—деп толықтырды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қазнет қолданушылары Астана аспанындағы ерекше көріністі видеоға түсіріп, желіге жүктеген еді.

<
Comments