5 маусым күні кешке Алматының Алмалы ауданында Nissan Almera көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенді. Артынша өрт жақын жерде тұрған Land Rover көлігіне шарпыды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 3 шаршы метрді құрады.
"Өрт сағат 22:21-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.ді
Алматылық құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау әркімнің міндеті екенін, өрт қателікті кешірмейтінін еске салып өтті.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival