Құлсарыда жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында бала үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері оралмаған. Ал ақпарат полицияға сол күні сағат 21:28-де түскен.
Жасөспірімнің қай бағытта кеткені
белгісіз болғандықтан, қаладағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де тартылды.
6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 2:19-да Құрсай өзенінен баланың өлі денесі табылды.
Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.