Маңғыстау облысында 12 құрылыс компаниясы заңсыз рұқсат алғаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық ҚазТАГ-қа сілтеп.
«Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия беру заңдылығына талдау жүргізді. Нәтижесінде 12 құрылыс компаниясының рұқсатты заңсыз алғаны белгілі болды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Тексеру барысында құрылыс фирмалары өндірістік базаларды бір иеден жалға алып, бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді көрсеткені анықталған. Бұл заңбұзушылықтар лицензия алуға негіз ретінде пайдаланылған.
Барлық 12 ұйымға әкімшілік жаза қолданылып, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі таңда бұл компаниялардың қызметі құқықбұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша тоқтатылды.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Related news