Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік әскери аэродромдарға жасалған шабуылдарға қатысы бар күдіктілердің Қазақстанға кеткені туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Mash Telegram-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, Украина азаматы Артем Тимофеев пен оның жұбайы Екатерина Тимофеева 28 мамыр күні Қазақстанға көлікпен өткен болуы мүмкін. Олар шекарадан өткеннен кейін әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын өшіріп, байланысқа шықпаған. Mash бұл жұптың Астанаға жол жүргенін, өздерінің Telegram-каналында «ит пен мысығымызды алып, Астанаға барамыз» деп жазғанын хабарлады.
«Олар қонақүйге орналасқаны туралы жазба қалдырып, кейін ешқандай мәлімет таратпаған. Telegram арналарын жойып жіберген», – делінген ресейлік ақпарат құралында.
Бұл ақпарат 2025 жылғы
Осы жағдайға қатысты қазақстандық әскери сарапшы Дархан Данияров 3 маусым күні пікір білдіріп, «Қазақстан аумағы арқылы операцияға қолдау көрсетілді» деген мәлімдемелерді немесе дилетанттық, немесе қасақана ақпараттық арандату деп бағалады.
Қазақстан әзірге бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасамады.