Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабралайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы ел армиясының жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
Президент басқару жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу, арнайы операциялар күштерінің әлеуетін арттыру, әскери қызметшілермен әлеуметтік және идеологиялық жұмысты күшейту, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, оның орнына генерал-лейтенант Дәурен Қосанов тағайындалған болатын.