Сенбі күні Иран билігі АҚШ тарапынан бірқатар елдердің азаматтарына, оның ішінде ирандықтарға қатысты енгізілген жаңа кіру тыйымын қатаң сынға алды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі IRNA жазды, деп хабарлайды “Адырна”..
Иранның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме таратып, Вашингтонның бұл шешімін "иран халқына бағытталған терең тамыр жайған өшпенділіктің айқын белгісі" деп атады. Министрліктің пікірінше, бұл тыйым тек ұлты мен дініне байланысты адамдарға қарсы бағытталған және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына қайшы келеді.
«АҚШ әкімшілігінің бұл шешімі кемсітушілік көзқарасты білдіреді және халықаралық құқық нормаларын, соның ішінде кемсітпеу мен
Иран тарапы БҰҰ мен халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарын Вашингтонның «біржақты әрі кемсітушілік сипаттағы» шараларына қарсы ашық мәлімдеме жасауға шақырды.
Сонымен қатар, Иран өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық қолжетімді дипломатиялық және құқықтық тетіктерді қолданатынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, АҚШ әкімшілігі бірнеше елдің азаматтарына, соның ішінде Иран тұрғындарына ел аумағына кіруге қатысты қосымша шектеулер енгізген болатын. Бұл шешім халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылық тудырып отыр.