Зардап шеккендер бар. АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

732
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/4db3d2a5-b77b-4796-b3c1-de8b3c73c7d8-960x500.jpeg?token=679d20c62a50a617024003ee8f5a0cb3

АҚШ-тың Теннесси штатындағы Таллахома аймақтық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай бортында 20 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады. Бірнеше адам түрлі жарақат алған. Бұл тіралы NBC News жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Штаттық жол полициясының мәліметінше, зардап шеккендердің бір бөлігі медициналық тікұшақтармен жергілікті ауруханаларға жеткізілген, қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта жараланғандардың нақты

саны жарияланған жоқ.

АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасының (FAA) мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақ — de Havilland Canada DHC-6 Twin Otter. Ол әуежайдан көтерілген соң көп ұзамай апатқа ұшырап, Олд-Шелбивилл-роуд ауданында құлаған.

Таллахома қалалық әкімшілігінің өкілі Лайл Расселдің айтуынша, апаттан қаза тапқандар жоқ. Басқа мәліметтер әзірге жария етілмеген.

Comments