Алматыда автобус жол апатына ұшырап, бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 8 маусым күні 11:50-де Түрксіб ауданында болған. Сейфуллин даңғылы мен Кассин көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 5 жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам дене жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын

Еске салайық, 2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соғылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде зардап шеккен қыз баланың аяғына ампутация жасалды.
Бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жол апатының салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарапынан баспана берілетінін айтты.