Жеңілістен кейін. Қазақстан құрамасының капитаны ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

1307
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-6-960x500.jpeg?token=aeceaebcdd2c9a16c275c1da81d842ef

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында команданың бас бапкері Әли Әлиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Команданың жаңаруы —  баяу процесс. Бұндай үдерістер команда ішінде жүріп жатыр. Оның бірі - капитанымыз, үлкен құрметке ие Асхат Тағыберген батыл шешімге келіп отыр. Ұлттық құрамамен қоштасу өте қиын. Асхат бұл сөзді киім ауыстыратын бөлмеде айтып, жастарға жол беріп, оларға үлгі көрсетті. Біз оның соңғы матчын жеңіспен аяқтай алмадық. Ұлттық құрама футболкасымен киім ауыстыратын бөлмеде қош айтысты»,—деді ол.

Тағыберген 2014 жылы құрама сапында дебют жасап, 2021 жылы капитан атанған еді. Осы уақыт аралығында ол 63 матч өткізіп, 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, 9 маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. J тобындағы кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.

Comments