Оралда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, 4 адам зардап шекті

665
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/bf7a8c52-ce25-49e7-92da-3f694b3f89cb-960x500.jpeg?token=bdaaedfce897bd1720de7f4f52ade31d

Орал қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 9 маусым күні Шолохов пен Сергей Тюленин көшелерінің қиылысында болған.

Hyundai Solati маркалы жедел жәрдем көлігі мен Hyundai Accent жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан 13 жастағы қыз, 28 жастағы жолаушы мен екі фельдшер зардап шекті. Зардап шеккен төрт адам да ауруханаға жеткізілді»,—деп түсіндірді ПД.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Comments