Австрияда мектепке шабуыл жасалды. Бірнеше адам қаза тапты

550
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-10-960x500.jpeg?token=f33b9f4e101dda5b19b77ab9ffcf5500

Бүгін, 10 маусымда Австрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар мен мұғалімдерге шабуыл жасалды. Полиция ғимарат ішінде оқ атылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Deutsche Welle оқыс оқиға салдарынан тоғыз адамның қаза тапқанын жазды. Оның ішінде шабуылдаушының өзі де бар. Тағы бірнеше адам ауыр жарақат алған.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті полиция жағдайды бақылауға алғанын жеткізді.

Comments