Алматы қаласы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

572
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-11-960x500.jpeg?token=3b9907861afb313b14f62209cf156fd7

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ерлан Шойұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасымен Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызмет атқарды.

2002-2008 жылдары — Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары Премьер-Министрдің кенсесінде қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2018-2023 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының және Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

Comments
Other materials