Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көру үшін халықтан ақы алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Вице-министрдің айтуынша, егер шоу-бизнес өкілдері осындай форматта табыс тапса, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салық төлеуі тиіс.
"Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Шоу-бизнес өкілдері
осылай табыс тапса, міндетті түрде салық төлеуге тиіс. Бастысы – мемлекетке салық түссе болды. Мұндай әрекеттер бақылауда болады", – деді Дәурен Кеңбейіл.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті де әншіге ескерту жасап, онлайн түрде ақша жинау заңды кәсіпкерлік қызметке жататындықтан, салық міндеттемелері орындалуы керектігін еске салған.