Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасының алты боксшысы алтын медаль алды
Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Қазақстанның ерлер құрамасы алты бірдей алтын медаль алды. Мухаммедсабыр Базарбай уулу, Махмуд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық пен Аманат Сабырғали чемпион атанды, деп хабарлайды Sports.kz.