ТЖД: "Тыныштық сақтаңыздар"

4826
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/mchs.jpg
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аймақта қатты жер сілкінісі болады деген ақпаратты жоққа шығарды. ⠀ Төтенше жағдайлардың барлық күштері мен құралдары штаттық режимде жұмысын атқаруда, деп хабарлады ведомствода. ⠀ «Сейсмология институтының 2020 жылғы 23-29 қаңтар аралығындағы апталық болжамды комиссиясының отырысы негізінде Алматы облысында жеті және одан жоғары баллдық күшті сілкіністер күтілмейді. Тыныштық сақтаңыздар», - делінген министрліктің хабарламасында. ⠀ Кешеден бері WhatsApp мессенджерінде қуатты жер асты дүмпулері туралы аудио жазба тараған болатын. 2 баллдық жер сілкінісін  алматылықтар 17 қаңтарда сағат 22: 05-те сезді. Екінші рет 3-4 балл болатын жер сілкінісі 19 қаңтарда болды. Осындай дүмпулер сейсмикалық станциялардың желісімен 20 қаңтарда сағат 11.31-де Текелі қаласы мен Рудничный кенті арасында тіркелді. Сейсмологтар кейінірек оларды қалыпты деп атады. Жыл сайын аймақта 12 мыңға дейін жер сілкінісі болады екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments
Other materials