Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс болды

4745
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/uuu.jpg
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен: Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары; Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі; Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты: Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен; Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.
Comments