Коронавирустың жаңа түрі COVID-19 жаппай таралуына байланысты көптеген мемлекеттер Төтенше жағдай режимін енгізді. Қазақстанмен бірге, ТЖ режимі Италия, АҚШ, Испания, Чехия, Эстония, Румыния, Болгария Словакия және Мажарстанда жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібі АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехия және басқа да елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде», - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында. Фото: ашық дереккөзденRelated news
Yerzhan Myrzabayev was appointed as the Vice Minister of Industry and Infrastructure Development of the Republic of Kazakhstan