Өзбекстанда шетел автокөлігі кем дегенде 2400 доллар арзандайды

3131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/shetel-k-l3g3.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда ішкі автокөлік нарығын дамыту туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, биыл 1 тамыздан бастап автокөліктерге акциз салығы жойылады. Қазір республикада жеңіл автокөлік импортына 30 пайыздық акциз салығы алынып жүр. Ресейде, Қазақстанда және Украинада шығарылған жаңа автокөліктердің акциз салығы 2 пайыз деп белгіленген. Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы келісімге отырған елдердің автокөліктеріне жеңілдік қарастырылған. Қазір Өзбекстанға шетелден автокөлік әкелу үшін қосылған құн салығын, (15%), кеден және акциз салықтарын төлеу керек. Autostrada сайтының мәліметі бойынша, акциз салығы жойылған соң, Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 доллар арзандайды.

Сentralasian.org

Comments