Коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі

2657
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/f4d1ee67-92c6-40d0-a082-fd724549337b-960x500.jpeg?token=bf5658e91d1fba0c003473d5ef165faa
Елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктіріледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, мұндай қадамға  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының консультацияларын ескере отырып барған. Осылайша, COVID-19 белгілерін есепке алу үшін жаңа кодтау жүйесіне (халықаралық нормаға - ред.) көшетіні белгілі болды.
COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі. Коронавирустың  халықаралық жіктелуіне толық көшу 1 тамыздан бастап жүзеге асырылады, - деді министр.
Еске сала кетсек, елімізде 66 895 адамнан коронавирус белгілері анықталған. Олардың 40 256 жазылып, 375 адам қайтыс болды.  

"Адырна" ұлттық порталы

Comments