Полицейлер кісі өліміне қатысты қылмысты ашты

2540
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/fe96ffda-c109-47d8-93b6-ddc4fadd9606.jpeg
Тәулікке жеткізбей Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты, – деп хабарлайдыАдырна» Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында “Арселор Миттал Теміртау ” АҚ комбинатынан 200 м. құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын ізтүссіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Comments